RU
"Пәтер жалдап жүріп, туа береді": Жұрттың сөзінен шаршаған әйел сырын ашты
Жаңалықтар Қоғам

"Пәтер жалдап жүріп, туа береді": Жұрттың сөзінен шаршаған әйел сырын ашты

Рассказать Вконтакте

Тұрмыс құрғанына алты жыл болған әйел жоқшылықтың тауқіметін көріп келе жатқанын айтты. Төртінші перзентіне аяғы ауыр ол бүгінде жұрттың сөзінен де шаршаған деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: yandex.uz

Көрнекі фото: nur.kz

Әйелдің айтуынша, оның күйеуі жастайынан көп қиындық көрген.

"Күйеуім өте алтын адам, білімді, талантты, ақылына ел сүйсінеді, барынша жүгіреді, тырысады, бірақ жолы болмай-ақ қойды. Өзі жастайынан әкеден айырылған, анасы басқа адамға жар болып, өгейлікті де көрген.
Күйеуімнің балалық шағы, көрген қиыншылықтары туралы бір кітап жазуға болады. Айтқанда жүрегім ауырып кетеді. Онысын менен өзге ешкімге айтпайды, мені әйелім емес, әуелі досымсың дейді. Көп жақындарын жоғалтқан, әжесі, әкесі, іні-қарындасы.
Мен келін боп түскеннен кейін ұзақ жылдар ауырған жалғыз қарындасынан айырылды. Ол кездегі қайғысын айтып жеткізе алмаспын. Содан болар мені, балаларын жоғалтқысы келмейді",- дейді ол.

Қиындықтан шаршаған әйел қанша рет кетсе де, өмірлік серігін қимаған екен.

"Қаншама рет шыдамай кетіп қалғым келді, кеттім де, бірақ қимадым, Онсызда аз қиындық көрген жоқ қой. Өзі де еркек басымен жылап жалынатын. Қазір есіме түссе өзімді сол үшін жек көрем, бірақ бәрі артта қалды. Мен енді ғана түсінгендеймін, ол жанның мен үшін қымбат екенін. Мейлі баспанамыз болмасын, ақшадан тарығайық бірақ одан ешқашан балаларын айырмаспын",- дейді келіншек.

Жақында тағы бір сәбилі болатын ол қуанышты екенін жасырмады.

"Айтпақшы тағы да сәбилі болады екенбіз. Мұны естіп жарым жылап жіберді, әр баласын ерекше қуанады. Тұрмыстың қиындығы періштемнің жүрегінің соғуына кедергі емес. Иә, жұрттар айтады, өсектейді, жетпей жүріп, пәтер жалдап жүріп несіне жетісіп туа береді деп?! Бірақ мен оларды асырай алмасам, Алла маған бұйыртпас еді. Балаларымыз бізге берілген үлкен сый. Мен сенем қаншама қиындықтың бір өтеуі болады. Мен жарыма сенемін! Ең бастысы адал жарым мен ботақандарым аман болсыншы!",- деп жазды әйел.
Сіздің реакцияңыз
2
2
5
8
5
78
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel