RU

Гүлнара Каримова Өзбекстан түрмесінде туыстарымен кездесті

Колонияда отырған Гүлнара Каримова түрмеде туыстарымен үш күндік кездесу мүмкіндігіне ие болды деп хабарлайды Podrobno.uz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Гүлнара Каримова. Фото: GTN.uz
Гүлнара Каримова. Фото: GTN.uz: Facebook

Өзбекстанның әділет министрлігінің мәліметінше, кездесу мүмкіндігі Каримоваға, сондай-ақ, басқа да сотталушыларға берілген.

Өзбекстанның экс-президентінің қызы отбасымен 3 күнді, 7-10 шілде аралығын бірге өткізді. Осы уақыттарда Каримова мен жақындарына кедергі келтірілмегені айтылды.

Ведомство Гүлнараның туыстары медициналық көмек пен басқа да мәселеге байланысты ешқандай шағым түсірмегенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1804152-glnara-karimova-zbekstan-trmesinde-tuystarymen-kezdesti.html