RU

Түсірілім барысында жазатайым қаза болған актерлер жайлы не білеміз?

Түсірілім барысында оқыстан қаза тапқан атақты актер мен актрисаларды білесіз бе? Олардың бірінің қазасы оттан болса, екіншісі биіктен байқаусызда құлап кеткен. Өмірінің соңғы сәтін түсірілім алаңында өткізген танымал тұлғалар жайлы ofigenno.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: ofigenno.com, starhit.ru. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: ofigenno.com, starhit.ru. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Евгений Урбанский (1932–1965)

Евгений Урбанский. Фото:ofigenno.com
Евгений Урбанский. Фото:ofigenno.com: Instagram

Актер өз өмірін театрсыз елестете алмаған. Тіпті оның бір айда 20 қойылымда ойнаған уақыттары да болған. Алайда оған атақ-абыройды "Коммунист" фильмі алып келген.

"Директор" фильмінің кезекті түсірілімінде Евгений Урбанский көлігімен құмның арасынан автоколоннаны қуып жетуі керек болған.

Түсірілімнің біріншісі сәтсіз өтіп, кадрды қайталағанда көлік аударылып қалады. Ал актердің өзі ауыр дене жарақатын алып, ауруханаға дейін көз жұмған.

Инна Бурдученко (1939–1960)

Инна Бурдученко. Фото: ofigenno.com
Инна Бурдученко. Фото: ofigenno.com: Instagram

"Цветок на камне" фильмінің желісі бойынша актриса жанып жатқан тұрақтың ішінен жалауды алып шығуы керек болған. Алайда ағаштан жасалған тұрақ шыдамай, құлап түседі.

Қарапайым жұмысшы аяғы ауыр актрисаны оттан алып шыққан.

Алайда Инна Бурдученконы ауруханаға жеткізгенімен, актрисаны да, ішіндегі баласын да аман алып қалу мүмкін болмаған.

Юрий Гусев (1936–1991)

Юрий Гусев. Фото: ofigenno.com
Юрий Гусев. Фото: ofigenno.com: Instagram

Юрий Гусеев өзін актер ретінде бағаламай, басқа мамандықты таңдаған. Алайда жылдар өте келе ол өз қызметін ауыстыруға ниет білдіріпті.

Ташкент қаласындағы түсірілім кезінде актер абайсызда құлап, бас-сүйек жарақатын алған.

Осыдан соң Гусеев өмірден өтеді.

Микаэла Дроздовская (1937–1978)

Микаэла Дроздовская
Микаэла Дроздовская: Instagram

Өз уақытында актрисаны барлығы құрметтеп, жақсы көрген. Көпшілік оның болашағының зор екеніне де сенімді болған.

Алайда ол күзгі түсірілім кезінде үйден шыққан өрттен қаза тапқан.

Актриса күздің суығында жылуы жоқ үйді мекен еткен. Әртүрлі приборлармен үйін жылытпақ болғанда, оның төсегі өртеніп, өнер иесі иіске уланып қалады.

Микаэланы ауруханаға жеткізгенмен, оны аман алып қала алмаған.

Александр Чекаевский (1905–1963)

Александр Чекаевский. Фото: ofigenno.com
Александр Чекаевский. Фото: ofigenno.com: Instagram

Актер "Гамлет" фильмінің түсірілімінде пойыз астына түсіп қаза тапқан.

Андрей Ростоцкий (1957–2002)

Өзі актер әрі каскадер Андрей Ростоцкийді түсірілім алаңында қаза табады деп ойламаған.

Биіктіктен секіретін түрлі трюкті орындап жүрген өнер иесі "Моя граница" фильмінің түсірілімінде 30 метрлік биіктіктен құлап, қайтыс болған.

Сергей Бодров-младший (1971–2002)

Бодров. Фото:starhit.ru
Бодров. Фото:starhit.ru: Instagram

2002 жылы 20 қыркүйекте таң ата, Бодров басты рөлде ойнаған "Связной" фильмінің түсірілім тобы Владикавказдан тау жаққа қарай жол тартқан болатын.

Түсірілім күні-бойы өтіп, кеш бата түсірілім тобы қалаға қарай қайта жол тартады.

Сағат 20:08-де кенеттен мұз құлап, бірнеше минуттың ішінде 300-метрлік қалыңдықты мұздық пен тастар жауады.

Құтқару жұмыстары бірнеше ай жүргізілгенімен, түсірілім тобы сол күйі табылмаған. Актермен бірге 125 адам қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1804174-tsirilim-barysynda-zazatajym-kaza-bolgan-akterler-zajly-ne-bilemiz.html