RU

"Қайрат" клубы "Атырауды" 33:0 есебімен ойсырата жеңді (видео)

Футболдан жастар арасындағы Қазақстан чемпионатта "Қайрат" пен "Атырау" клубтары кездесті. Алматылық ұжым мұнайлы өлкенің командасын 33:0 есебімен ойсыраты ұтты деп хабарлайды Prosports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қайрат" пен "Атырау" жастары арасындағы ойын 10 маусым күні Қарағандыда өтті.

Матчтың бірінші таймында алматылық команда қарсыласына жауапсыз 15 гол соқты.

Екінші кезеңде атыраулық ұжымның қақпашысы қақпасынан 18 доп алып шығуға мәжбүр болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1804178-kajrat-kluby-atyraudy-330-esebimen-tty-video.html