RU
«Сәлем салмадың»: Танымал блогердің әйелі қайын жұртынан сөз естігенін еске алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

«Сәлем салмадың»: Танымал блогердің әйелі қайын жұртынан сөз естігенін еске алды

Рассказать Вконтакте

Танымал блогер Мейіржан Төребаевтың жары Дана Есеева жас күнінен қайын жұртынан оңбай сөз естіген күнін еске алды. Төрт баланың анасы ол күнді бүгінде күле еске алатынын жасырмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Дана Ессева басынан өткен оқиғасын желідегі парақшасына жариялаған. Ол сол күні тіпті көз жасына ерік бергенін жазған.

"Жас келін кезімдегі оқиға есіме түсіп отыр. Бірде мен жолдасымның туыстарының үйінде шай құйып отырдым. Дастархан басында шамамен 20 шақты адам болды. Әдеттегідей бәріне шай құйып отыр едім, бір апа: "Сен маған бүгін сәлем салмадың" деді.

Бәрі үнсіз қалды. Мен тұрып, сәлем салудың орнына: "Сәлем салмағаны несі? Сіз үйге кірген кезде-ақ сәлем салдым" дедім.

Ол кісі "Жоқ сәлем салмадың, көрмеді дейсің бе?" деп ашуға булықты. Мен де "Әлі есімде, сізге сәлем салдым" деп болмаймын. Ол ашу үстінде: "Не деген келінсің, қалайша жауап қайтарасың?" деді. Көзіме жас келіп тұрса да, тағы да "Рас айтамын, сізге сәлем салдым" дедім.
Сол мезетте дастархандағы ағалардың бірі "Тағы да бір рет сәлем сала ғой" деді. Мен көзімдегі жасты сығып, үнді киноларындағыдай дауысым дірілдеп сәлем салып, жуынатын бөлмеге кіріп кеттім", - дейді танымал болгердің жұбайы.

Дана Ессева сөз соңында жас келіндерге «мінезді көрсетпей, тыныш жүріңдер» деп ақыл айтқан.

"Мен бөлмеге ешкімді кіргізбей, жарты сағат бойы сонда отырып, жыладым... Біраз отырып, қиялдап, қарным ашқан соң сыртқа шыққаным сол еді, "Әй, келін, шәй әкел" деген дауысты естідім. Басыма орамалды тағып, шай әкелуге кеттім... Қысқасы келіндер, мінез көрсетпей, тыныш жүріңдер. Кіші жүзге келін болу оңай емес", - деп әзіл-шыны аралас жазбаны аяқталған ол.

Желі қоланушылары аталмыш жазбаға қатысты "Бәріміз содан өткенбіз", "Мықтысыз", "Қазақтың келіндері жасасын" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
2
3
0
0
0
14
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel