RU
Отандық танымал әзілкеш басшылық қызметке тағайындалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Отандық танымал әзілкеш басшылық қызметке тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Танымал әзілкеш, КВН ойыншысы Нұрдәулет Шертім Нұр-Сұлтан қаласының панкратион федерациясының қоғаммен байланыс жөніндегі директоры қызметіне тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайында tobet_top_team Instagram парақшасында жарияланды.

"Нұрдәулет Шертімді Нұр-Сұлтан қаласының панкратион федерациясының қоғаммен байланыс жөніндегі директоры қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз", - деп жазылған парақшада.

Sputnik Қазақстан порталына әзілкештің өзі жаңа қызметте немен айналысатынын айтып берген.

"Панкратион өте дамыған спорт түрі. Менің жұмысым - қазіргі жастарды осы спортпен таныстыру, олардың панкратионға деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.

Кеше кешке ғана бұйрық шықты. Құдай қаласа, осы аптада іске кірісемін.

Қарашаның 1  мен 5 аралығында панкратионнан Италияда әлем чемпионаты болады. Соған спортшыларды дайындаймыз", - дейді Нұрдәулет Шертім.

Сіздің реакцияңыз
11
4
0
0
1
9
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel