Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Егілемін": Нұрлан Албан марқұм анасына жантебірентерлік жазба арнады

Опубликовано:

Нұрлан Албан желіде марқұм болған анасына арнап жантебірентерлік жазба қалдырды. Әнші жан анасын сағынып, егіле еске алатынын айтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Instagram

Анасына деген сағынышын желіде жариялаған ол ең аяулы адамының дүниеден өткенінен бес жыл толғанын атап өткен.

"5 жыл!!! Жарықтық, Анашым! Жаным, мейірбаным, тілеушім, ақ көңілім, қамқорым, еркетайым Анашым, Апатайым!!! Мені тастап, ортамнан кеткеніңе 5 жыл болды... Көп нәрселер өзгерді...

Өзіңсіз қанша рет сүріндім, құладым, жыладым!!! Көкірегімді өксік қысқанда, жанарымнан сырғып жас аққанда - сен жоқсың!!!

Өзіңсіз қанша рет жүгірдім, күлдім, қуандым!!! Ұрандап келіп "Сүйінші" сұрайын деймін - сен жоқсың!!!", - деп жазбаны бастаған әнші.

Сондай-ақ, ол анасының өзін "Үкә" деп еркелеткенін есіне алған.

"Өзіңді көрмегелі, басымнан сыйпамағалы, мені еркелетпегелі, әжім басқан жұп-жұмсақ бетіңді ұстамағалы, қызыл иегіңмен бетімнен сүймегелі, "Үкә" деген төл сөзіңді естімегелі 5 жыл, 1'827 күн болды... Жарықтығым, өзіңді есіме алып сағынамын, сарғаямын.

Ойыма түскен сайын езілемін, егілемін! Амалым нешік... Түбі, әйтөуір бір кез кезігерміз... Қашан, қай кез? Ол - жаратушы жаббар ием Аллаһтың еншісінде...

Ең бастысы - өзің көрген, бетінен сүйіп, басынан сыйпаған туған немерелерің қанаттанып келеді. Соған шүкір етемін.

Міне, өзіңнің жатқан жекеменшік төбеңе, қабіріңнің басына келіп, немерелеріңнің бала болса да жанарларына жас үйіріліп, зиратыңнан топырақ алып, құран бағыштадық.

Әзірге біздің қолдан келері осы ғана - Апатайым! Немерелерің өзіңді әбден естеріне сақтап алған. Сол мені қуантады. "Басыма келінім келмепті ғой" деп кейімессің...

Келінің алыста болса да, өзіңнің руxыңа арнап 7 шелпегін салған болар, жақында ортамызға оралады. Сол кезде зиратыңа тағы да келерміз...", - деп анасын егіле ескен алған ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1804183-egilemin-nrlan-alban-markm-anasyna-zantebirenterlik-zazba-arnady/

pixel