RU
"Ми қайнатар ыстық": Нұр-Сұлтанда кешелі бері күн ысып кетті
Жаңалықтар Қоғам

"Ми қайнатар ыстық": Нұр-Сұлтанда кешелі бері күн ысып кетті

Рассказать Вконтакте

Елордада кешелі бері күн қатты ысып, ауа температурасы "+30", "+32" градус ыстықты көрсетіп тұр. Күннің күрт ысуына үйренбеген астаналықтар, күні бойы үйден шықпаймыз дейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ. хабарлайды.

Көрнекі фото: Weproject

Көрнекі фото: Weproject

Елордада кешелі бері күн күрт ысып, тұрғындардың мазасын кетіруде. Аптап ыстыққа үйренбеген астаналықтар, күн ұзағынан үйден шықпаймыз дейді.

"Бір-екі күн жылы болып, бейсенбіден бері қайта ысып кетті. Көлеңкенің өзінде ми қайнатар ыстық боп тұр. Балалармен тек кешке ғана үйден шығамыз, күнімен үйдеміз. Абырой болғанда үйде кондиционер бар, әйтпесе мынадай күнде үйдің өзі жанып кетеді", - дейді қала тұрғындары.

Айта кетерлігі, синопниктер алдағы аптада да елордада ауа температурасы әдеттегіден жоғары болатынын ескерткен еді. Gismeteo сайтының болжамы бойынша, алдағы аптада ауа температурасы тіпті "+34" градасқа бір-ақ көтеріледі екен.

Скриншот Gismeteo сайтынан алынды

Скриншот Gismeteo сайтынан алынды

"Басқа телпек киіп шықпасақ, күн өтеді. Біз сияқты қан қысымы жоғары, үлкен адамдарға қиын. Мұндай ыстыққа үйренбеген, өте қиын болып тұр. Жаңбыр жауып, салқындаса екен деп тілейміз", - дейді қала тұрғындарының бірі.
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel