Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда ерлі-зайыптылар түсірілім кезінде суға кете жаздады (видео)

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласында"Проверено" бағдарламасын түсіру кезінде түсірілім тобы рұқсат етілмеген жерде ер мен әйел адамның суға батып бара жатқанын көрген. Оларды дер кезінде құтқарып қалды деп хабарлайды Newtimes.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Оқиға кеше, 10 шілде күні болған. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері рұқсат етілмеген шомылу орындары бойынша рейд жүргізді.

Содан кейін құтқарушылар өзенде ер мен әйел адамның батып бара жатқанын көріп қалады.

Есіл ауданы ТЖ басқармасының аға инженері, Көкшетау техникалық институтының 3 курс курсанты Серік Аманжолов, балықшы Руслан Жами суға секіріп, ерлі-зайыптыларды құтқарды.

Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауды және тек рұқсат етілген, шомылуға арналған жерлерде жүруін сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804195-nr-sltanda-erli-zajyptylar-tsirilim-kezinde-suga-kete-zazdady-video/

pixel