RU
Өзіне жеткен эстафетаны бірден жалғаған Мақсат Рахмет көпті тәнті етті

Өзіне жеткен эстафетаны бірден жалғаған Мақсат Рахмет көпті тәнті етті

Рассказать Вконтакте

Танымал әнші Мақсат Рахмет кішкентай қыздан президентке дейін жеткен эстафетаны жалғап, Абай Құнанбаевтың өлеңін оқыды. Instagram парақшасына жүктелген видеода әртіс ендігі эстафетаны өзі өнер көрсететін "Алашұлы" тобының жігіттері мен танымал кәсіпкерге жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Барша қазақ халқын Абайдың 175 жасқа толуымен құттықтаған әнші өзіне жолданған эстафетаны қабыл алып, ұлы ақынның өлеңін оқып берді.

Мақсат Рахмет аталған видеоны өз парақшасына жүктеді.

"Кешелі бері жалғасып жатқан эстафетаны түлеп ұшқан Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернат директоры Сексенова Роза Ербозымқызынан қабыл алдым", - деп жазды ол.

Әнші эстафетаны "Алашұлы" тобындағы серіктері Әзімбек Байлин мен Ерзат Рамазановқа және белгілі кәсіпкер Досбол Мәлікомарға жолдайтынын да жеткізді.

Бұл бастамаға бірден қосыла кеткен актердің оқырмандары оған жылы лебіздерін білдіріп, пікірді аямай жазды.

"Мақсат аға, керемет!", "Жарайсыз", "Дарынымның дарасы-ай", "Керемет, сөзсіз. Жастарға жақсы бағдар болды", - деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel