RU

Жол саласындағы жұмысшылар арасында бұрын істі болғандар бар болып шықты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов автомобиль жолдары саласындағы проблемалар талқыланған кеңесте жұмысшылар арасында бұрын сотталған қызметкерлер бар екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото pexels.com
Көрнекі фото pexels.com: UGC
"Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы туралы сұрақтар бар. Біздің қызметкерлеріміз орталықта 9 адамның әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын анықтады. Олардың арасында сыбайлас жемқорлық ғана емес, басқа қа қылмыс жасағандар бар.

Қызметкерлерле жұмысқа қабылдау бойынша үлкен сұрақ туындайды", - деді Бектенов.

Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық департаменттердің басшылары бұл мәселеге баса назар аударып, кәсіпорындарды, соның ішінде жол саласының кәсіпорындарын тексеруі керектігін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1804227-zol-salasyndagy-zmyssylar-arasynda-bryn-isti-bolgandar-bar-bolyp-sykty.html