Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылағым кеп тұр": Арыста есік-терезесі жоқ пәтерде тұрып жатқан көпбалалы ана мұңын шақты

Опубликовано:

Арыс қаласындағы «Көктем» шағындауданында тұратын алты баланың анасы Жансұлу Шахаева жарылыстан соң Шымкенттегі мектептердің бірін паналағанын айтты. Кейін, 28 маусым арыстықтар жаппай қалаға көшірілген соң ол да бала-шағасымен Арысқа келген деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

«Жылағым кеп тұр»: Арыстағы терезесі мен есігі жоқ пәтер тұрғыны мұңын шақты
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Алайда көпбалалы ана алғашында "Арысқа барсаңдар болды, баратын жер қарастырылады" деп уәде еткендер бізді ұмытты деп отыр. 

«Ешкім бізді күтіп алған жоқ. Шымкенттен келе сала осы үйіміздің ауласында көршілеріміз болып отырдық та, кешке қарай сынған терезе мен қоқыстарды тазалап шықтық.
Сол жерде тұрып жатырмыз. Жарылыстың қатты болғаны -подъездегі баспалдақ шетіндегі темірлері майысып, терезе шыныларынан бөлек шетіндегі қоршауына (рамка) дейін ұшырып әкеткен», - дейді ол.
«Жылағым кеп тұр»: Арыстағы терезесі мен есігі жоқ пәтер тұрғыны мұңын шақты
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Жансұлу Шахаева содан бері жанұясымен есік-терезесі жуық қуыста күн кешіп жатқанын айтты.

«Құрылысты бастағанына көп болған жоқ, қазір шатырын жасап жатыр. Ал мен бала-шағаммен есігі мен терезелері жоқ үш бөлмелі пәтерде тұрып жатырмын.

Шатырын да алып тастаған. Басқа амалым жоқ. Қайда барамын?

Көршілерімнің көбі туыстары мен жақындарының үйін паналап жүр.

Шынымды айтсам, жылағым келіп тұр. Бүгін кенже балам келеді лагерьден. Оны қайда жатқызамын? Осы «жалбырап» тұрған үйіме ме?

«Жылағым кеп тұр»: Арыстағы терезесі мен есігі жоқ пәтер тұрғыны мұңын шақты
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
Есіктің орнын жеңіл көрпемен жауып қойдық. Құрылысшыларға осы үйде қоныңыздаршы деп өтініш те айттым.

Қайтемін басқа, түнде қорқамыз. Бәрін қатырамыз дейді. Қане, қатырғандары? Қаншама рет айттым құрылыс басына келіп кеткендерге. Біреуі құлақ түрейін демейді.

Өткенде осы құрылысқа жауапты бір кісі кетіп бара жатыр екен, төменге түсіп үлгермейтінімді біліп, балконда тұрып сұрадым. Бір бұрылды да, ештеңе деместен кетіп қалды», - деп мұңын шақты арыстық тұрғын.

Бала-шағасымен шарасыз күйде қалған ана қашанға дейін шаң-тозаңның ортасында тұруым керек деп ашынды.

«Жылағым кеп тұр»: Арыстағы терезесі мен есігі жоқ пәтер тұрғыны мұңын шақты
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Ал жергілікті биліктегілер болса, келіншектің мұңын жоққа шығармады.

Бірақ "жөндеу жұмыстары ретімен жүруде, қазір бұл тұрғын үйде шатыр орнатылып жатыр" деген олар тұрғынның пәтеріне есік пен терезені бүгіннен қалмай орнатып береміз деп уәде етті. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804228-zylagym-kep-tr-arystagy-terezesi-men-esigi-zok-pter-trgyny-myn-sakty/

pixel