RU
БҚО-да ер адам суға кетіп қала жаздады

БҚО-да ер адам суға кетіп қала жаздады

Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысында суға кетіп қала жаздаған ер адам құтқарылды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы Лейла Әбдірахманованың айтуынша, оқиға 10 шілде күні Ақжайық ауданы Чапаев ауылы тұсында Жайық өзенінде орын алды.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, бір топ адам өзен жағасында отырыс ұйымдастырған. Спирттік ішімдік те ішілген. Біраз уақыттан кейін серіктерімен бәстескен 1963 жылғы ер адам Жайықты жүзіп өтпек болады.

Алайда өзеннің ортасына келгенде, әлі құрып, бата бастайды. Бақытына қарай, оны сол маңда кезекшілікте жүрген құтқарушылар Алдан Жорасов пен Досжан Ізден дер кезінде байқайды.

Құтқарушылардың көмегімен ер адам аман-есен жағаға шықты. Медициналық көмекті қажетсінбеді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel