RU
Абайдың өлеңін оқыған Игорь Крутой эстафетаны Тасмағамбетовке жолдады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Абайдың өлеңін оқыған Игорь Крутой эстафетаны Тасмағамбетовке жолдады (видео)

Рассказать Вконтакте

Ресейлік сазгер қазақстандық орындаушы Димаш Құдайбергеннен эстафета қабылдап, ұлы қазақ ақыны Абайдың өлеңін оқыды. Маэстро видеосын Instagram әлеуметтік желісінде жариялаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазақтың ақыны әрі ұлы ойшылы Абайдың 175-жылдығына орай оның өлеңдерін оқу эстафетасын досым Димаш Құдайбергеннен қабылдадым.
Эстафетаны Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке жолдаймын", - деді Крутой.

Айта кету керек, композитордың оқырмандары флешмобқа қолдау көрсеткеніне таң қалды. Қазақстандықтар қазақ мәдениетіне деген құрметі үшін сазгерге үлкен алғыстарын білдірді.

Димаш Құдайбергеннің өзі де Игорь Крутойдың жазбасына өз пікірін қалдырды.

"Браво, маэстро",-деді әнші.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
3
4
26
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel