RU

Өскеменде жас жігіт үйлену тойына үш күн қалғанда жоғалып кетті

Өскемен тұрғыны өз үйлену тойына үш күн қалғанда жоғалып кетті. 1990 жылы туған Сергей Золотухинды туыстары жанұшыра іздеп жатыр деп хабарлайды YK-news.kz.

Фото: YK-news.kz
Фото: YK-news.kz: Twitter

Туыстары Сергейдің жұмыстан үйге оралмағанын айтады. Ол соңғы рет Защита бекетінде бой көрсетіпті.

10 шілде күні тәртіп сақшылары жоғалу туралы іс қозғап, Сергейге іздеу жариялады.

Сергей жоғалған күні үстіне қара жейде мен джинсы, қара спорттық аяқ киімде болған. Оның бойы 185 сантиметр, арық денелі.

Жоғалған азамат туралы кез келген ақпарат бойынша төмендегі нөмірлерге хабарласуды сұраймыз.

87773684657 және 87778508738, немесе 102.

Автор: Мира Куль

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1804243-skemende-zas-zigit-jlenu-tojyna-s-kn-kalganda-zogalyp-ketti.html