RU
Дәурен Абаев мереке күніндегі заңсыз акцияларға пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

Дәурен Абаев мереке күніндегі заңсыз акцияларға пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мереке күндері болған наразылық акцияларға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Фото: Видеодан скриншот/ Хабар агенттігі

Фото: Видеодан скриншот/ Хабар агенттігі

«Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 6 шілдеде болған оқиға - нағыз арандату. Арандатушылар әдейі мерекелік күн мен халық көп жиналатын орынды таңдайды», - деді Дәурен Абаев Хабар арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Министрдің айтуынша, қатысушылар ең алдымен жолды бөгеп, кептеліс жасауға тырысты.

«Яғни, олардың әрекеті азаматтық ұстанымын білдіруге емес, дүрбелең жасауға, полицияны арандатуға бағытталды. Егер акция бейбіт болса, қатысушылар неліктен түтіндету құтысы мен респиратор әкелді? Олардың түпкілікті мақсаты - көшедегі қақтығысты көбейтіп, зардап шеккендер мен ұсталғандардың санын көбейту. Оларға диалог керек емес», - деді министр.
Сіздің реакцияңыз
7
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel