RU
21 мың теңгеге қолы жеткен көпбалалы ана жеке кәсіп бастады

21 мың теңгеге қолы жеткен көпбалалы ана жеке кәсіп бастады

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Түлкібас ауданында 21 мыңға қолы жеткен көпбалалы Гүлнара Таштемирова жеке кәсібін бастады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік жәрдемақыға басында 150 бас, сосын тағы 50 қаздың балапанын сатып алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Бес баланың анасы 200 қазды баптап жаңа жылға таяу етке өткізбек. 

36 жастағы Гүлнара Таштемированың тұңғышы 20-да болса бесінші перзенті 3 жаста. Күйеуінің тұрақты жұмысы жоқ. Бірақ құр отырмай отағасы кез келген шаруаны атқарып нәпақа тауып жүр екен.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Сәуір айында құжат тапсырған көпбалалы ана көп ұзамай мемлекеттік жәрдемақыға қол жеткізген. Сөйтіп ол ақшаға жеке кәсібін ашып, перзенттерінің несібесін арттыруға бел буыпты.

"Келін болып түскенде енем қаз баптайтын. Содан қаздың күтімі мен басқа да ерекшеліктеріне қанықпын. Бұрыннан жеке кәсіп ашу ойымда болған еді. Бірақ қаражат болмай қолымыз қысқа болды. Көп балалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек берілетін болды дегенді есітіп мәз болып қалдық. Осы күнге дейін алатын болмашы тиын-тебеніміз біріне жетсе біріне  жетпейтін. Амал жоқ, жоғына барын құрап "жоқ" демей өмір сүріп келдік. Сөйтіп, қажетті құжаттарымызды жинап, көмек алуға асықтық. Сондағы ойымыз баршылықта, молшылықта өмір сүретін болдық қой дегеніміз.
Расымен де, атаулы көмекті алған соң жағдаймызда едәуір жақсарды. Баяғыдай, жамап-жапсыру азайды. Балалар да керек-жарағын, тәтті кәмпиті мен ойыншық мәшинелерін алып, қуанды. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Аз уақыттың ішінде алған ақшамызға үй шаруашылығында 200 бас қаз алып бағудамын. Олардың жемін, дәнін алып барынша жағдайын жасап отырмын. Алдағы уақыттада осы салада жұмыс істеп, тұрмысым мен жағдайымды жақсартқым келеді. Бізге осындай өлшеусіз көмек көрсеткен Үкіметке ана ретінде алғысым шексіз," - дейді көпбалалы ана Таштемирова.
Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Бес баланың анасы жеке кәсібін дөңгелетіп, алға талай жоспар құрып та қойған.

Құс шаруашылығын кеңейтіп,  етін өткізумен қатар қауырсынынан жастық жасап шығаруды да ойластырып отыр.

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
2
0
49
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel