Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құранмен басталған той: Ақтөбелік танымал әулет Малайзия ғалымдарымен құда болды

Опубликовано:

Ақтөбелік профессор Ахан Бекежанға немересі Малайзиядан келін әкеліп берді. Танымал әулет екі ел арасындағы тойды дүбірлетіп өткізген. Желіде хитке айналған малайзиялық қонақтар туралы той иелері айтып берді деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Той Құранмен басталды: Ақтөбелік танымал әулет Малайзия ғалымдарымен құда болды
Фото: Жеке мұрағат: Original
"Менің Серік деген ұлым Малайзия университетінің докторантурасында оқиды. Балаларымен сол жақта тұратын еді. Кеше соның ұлы, менің немерем Бекеттің тойын Ақтөбеде өткіздік. 

Немерем мектепті Пекин қаласында бітірді. Қазір Малайзия университетінде білімін жалғастырып жүр. Келінім биыл мектеп бітіріп, бірінші курсқа оқуға түскен.

Екеуі де аудит мамандығында оқиды", - дейді профессор Ахан Бекежан.
Той Құранмен басталды: Ақтөбелік танымал әулет Малайзия ғалымдарымен құда болды
Фото: Жеке мұрағат: Original

Қазақстандық жігіт Бекет Бекежан мен оның қалыңдығы Нұрайманның артынан еріп келген туыстарын көрген желі қолданушылары малайзиялықтардың құдалыққа келуі Шымкентті шаң қаптырғанын айтып әзілдеуде.

Қыздың артынан 56 адам келген. Ақтөбеліктер Малайзия еліне өткен жылы құдалыққа барған.

"Құдаларымыз Сары теңіздің  Индонезия жақ бетінде тұрады. Құдамыз сонда университеттің деканы, техника ғылымдарының докторы, профессор, құдағайымыз да институтта программист болып жасайды.

Құдаларымыздың үш ұлы бар, кенже қыздары бізге келін болып отыр. Өткен жылы құда түсуге барғанда той өткізу салттарына қызығып қайттық.

Оларда құда түсу салты қатаң сақталады. Олардың құда түсуінің өзі біздің тойдан кем емес", - дейді той иесі.
Той Құранмен басталды: Ақтөбелік танымал әулет Малайзия ғалымдарымен құда болды
Фото: Жеке мұрағат: Original

Отандастарымыз шетелдегі жарты сағат тұрып тілек айтпайтын тойды көріп таңырқағандарын жасырған жоқ.

Ал Малайзиялықтар қазақтардың қоржын көрсету салтына таң қалған. 

Той Құранмен басталды: Ақтөбелік танымал әулет Малайзия ғалымдарымен құда болды
Фото: Жеке мұрағат: Original
"Құда 13 ағайынды, құдағай 7 ағайынды екен. Олардың тойдағы ерекшелігі сол - тойда тек екі әулеттен бір адамнан ғана тілек айтады.

Қызыққанымыз - олардың тойында біздегідей әркім шығып жарты сағат баяндама жасамайды.

Той Құранмен басталды: Ақтөбелік танымал әулет Малайзия ғалымдарымен құда болды
Фото: Жеке мұрағат: Original

Біз де өз рәсімімізді жасадық. Қазақтың қоржынын көрсеттік. Бәріне берілген сыйлыққа таңырқады.

Қыздың анасының ақ сүтін сұрайды. Оны да шамаңа қарап ақшалай бересің. Олар ағайын-тумаларына ырымдап бөліп береді. Салт солай.

Ибалылығы мен салттары біздің дәстүрге келеді. Біз секілді той батасы бар.

Дәстүрлерінде барлық жиын ең бірінші құранмен басталады. Соңы да құранмен аяқталады. Біз де тойымызды құранмен бастадық.

Әр адамға тілек айтқызған жоқпыз. Тек тойда қазақтың салтын көрсететін ойындар мен ән-жырды көрсеттік.

Қазақ халқының барлық мәдениетін көрсетуге тырыстық. Пендешілік той емес, екі елдің дәстүрі қабысқан ерекше мереке болды десем болады", - дейді Ахан қажы.
Той Құранмен басталды: Ақтөбелік танымал әулет Малайзия ғалымдарымен құда болды
Фото: Жеке мұрағат: Original

Той соңында әжесі келініне 22 жылдан ырымдап сақтап келе жатқан иткөйлегін аманаттаған.

"Менің негізгі құдаларым Қазақстанға осыған дейін де келген. Олар Маңғыстаудағы Бекет атаның басына арнайы келіп зират етті.

Ол жақтан Бекет атаға бару үшін бірнеше ғалымдар келді. Аралында шейх, филология ғылымының докторы Бекет атаның қасиетті адам екенін естіген. Түсіне аян берген екен.

Ол кезде біз құда болатынымызды білгеніміз жоқ. Кейін балалар көңіл жарастырған",-дейді дүбірлі тойдың иесі Ахан ақсақал.
Той Құранмен басталды: Ақтөбелік танымал әулет Малайзия ғалымдарымен құда болды
Фото: Жеке мұрағат: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804274-kranmen-bastalgan-toj-aktbelik-tanymal-ulet-malajzia-galymdarymen-kda-boldy/

pixel