RU
Елеусінов "Тышқан" лақап атымен танылған боксшымен жұдырықтаспақ

Елеусінов "Тышқан" лақап атымен танылған боксшымен жұдырықтаспақ

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов 27 шілдеде Техастағы College Park Center алаңында кәсіпқой бокста қайта өнер көрсетеді. Қазақстандық спортшының келесі қарсыласының есімі жарияланды деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Данияр "Тышқан" лақап есімді мексикалық боксшы Оскар Кортеспен жекпе-жекке шығады. 26 жастағы боксшының кәсіпқой бокста 27 жеңісі, ал Елеусіновтің 7 жеңісі бар.

Сонымен қатар, Данияр Елеусіновтың келесі қарсыласының Сауль Альварестің "Canelo Promotions" жеке промоутерлік компаниясының клиенті екені атап өтілді.

Кортес мексикалық чемпионға жекпе-жекке дайындық кезінде көмектескен, сондай-ақ "Канелоның" бапкерлерімен жаттыққан.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel