RU
Нұр-Сұлтанда пышақпен қорқытып, айқайға салған қарулы адам ұсталды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Нұр-Сұлтанда пышақпен қорқытып, айқайға салған қарулы адам ұсталды (видео)

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары өтіп бара жатқан адамдарды пышақпен қорқытып, көшеде қатты айқайлаған азаматты тұтқындады. Оқиға 11 шілде күні кешкі уақытта өткен деп хабарлайды елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Нұр-Сұлтан қалалық ПД

Фото: видеодан кадр. Нұр-Сұлтан қалалық ПД

Қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам Қажымұқан көшесінің бойында сағат 19:00 шамасында тұтқындалды.

Аға лейтенант Абзал Жолмахов пен полиция лейтенанты Асан Қоманов азаматтың пышаққа ұқсайтын затпен өтіп бара жатқандардың үрейін тудырғанын байқап қалған.

Олар ойланбастан, бірден оны тұтқындауға тырысады. Полицейлердің талаптарына қолында пышағы бар агрессивті ер адам қарсылық танытқан.

Жолмахов ашуға булыққан тұрғыннан қрауына тартып алып, полиция оны тұтқындады.

Азаматты елордалық "Алматы" ауданындағы полиция бөлімшесіне жеткізді. Ол жерде Ақмола облысының полиция департаменті 35 жастағы ер адамға қатысты жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатқаны анықталды.

Тұтқындалған ер адам Павлодар облысының тұрғыны болып шықты.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel