Выйти
RU

Әйелін туған күнімен құттықтаған Төреғали жұртты сүйсінтті (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әйелін туған күнімен құттықтаған видеосын Instagram парақшасына жариялаған Төреғали Төреәлі көпшілікті тәнті етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан әншінің алып гүл шоғын сыйлауға беттеген сәтін көруге болады.

Сондай-ақ, әншінің қарындасы Фариза Төреәлі де Instagram парақшасында жеңгесін туған күнімен отбасы мүшелерінің қалай құттықтағанын көрсетті.

Ал желі қолданушылары өнер иесінің отбасындағы қуанышқа ортақтасып, жарыса ақ тілектерін білдірген.

"Бақытты болыңыздар", "Өте керемет", "Әр әйелге үлгі болатын келін ғой", "Жарайсың! Әр жігіт келіншегін осылай сыйласын", "Алла екі дүниенің бақытын берсін", "Керемет жұпсыздар" деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі мен жұбайы Толқын бүгінгі таңда үш ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әйелін туған күнімен құттықтаған Төреғали жұртты сүйсінтті (видео)