RU
Арыстағы жәрмеңке: Депутат өз қалтасынан ақша шығарып, тұрғындарға сусын таратты

Арыстағы жәрмеңке: Депутат өз қалтасынан ақша шығарып, тұрғындарға сусын таратты

Рассказать Вконтакте

Жәрмеңкеге келіп, арыстықтарға шырын сатып алып берген түркістандық депутат көпшілікті тәнті етті деп xабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Жойқын жарылыстан соң қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқан Арыста осымен екінші рет ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп отыр.

Аталған жәрмеңкеге жиналған xалықтың санында шек жоқ. Себебі бүгін өнімдер нарық бағасынан 30% жеңілдікпен ұсынылуда.

Жәрмеңкеге арнайы келіп, xалыққа өз жылылығын беруді көздеген Түркістан облыстық мәслиxатының xатшысы Қайрат Балабиев шырын алмақ болып кезекте тұрған тұрғындарды қуантты.

Депутат өз қалтасынан шығарған ақшаға шырын сатып алып, арыстықтарға таратты.

Айта кетейік, бүгінгі жәрмеңкеде 62 млн теңгенің өнімі сатылымға шығарылып отыр.

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, жәрмеңкеде облыстағы барлық қала, ауданнан 169 тоннаның өнімі әкелінген.

"Бүгін 24 тонна сүт өнімдері, 44 тонна көкөніс, 24 тонна бақша, 16 тонна жеміс, 5 тонна балық пен 14 тонна әртүрлі өнімдер 30% жеңілдікпен сатылымға шығарылды. Келуші xалық аз емес. Сондықтан да біз жәрмеңкені қаладағы жағдай тұрақталғанша жалғастырамыз деп отырмыз",-деді Нұрбек Бадырақов.

Сіздің реакцияңыз
4
2
2
0
2
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel