RU
"Қызметкерден басшы көп": Көлгінов Нұр-Сұлтанның энергетиктерін сынады

"Қызметкерден басшы көп": Көлгінов Нұр-Сұлтанның энергетиктерін сынады

Рассказать Вконтакте

Әкім ЖЭО - 2-ге барған кезде Нұр Сұлтанның газдандыру мәселелеріне қатысты көшпелі кеңес өткізді деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: astana.gov.kz

Фото: astana.gov.kz

Анықталғандай барлық жобалық смета дайын емес болып шықты. Сараптаманың біразы өтпеген, байқаулар бойынша сот даулары жалғасуда. Ал жеке жобалар бойынша конкурстар әлі жарияланбаған.

Кеңес барысында әкім ведомстволар жұмыстарын өзара біріктіре алмайтынын, жұмыскерлерге қарағанда басшылардың көп екенін атап өтті.

Сонымен қатар, кеңесте жылыту маусымын өткізу үшін көмір жеткізу мерзімі мен көлемі, сондай-ақ "Астана-Энергия" АҚ-ның қарауына "ЖЭО-1 және ЖЭО-2 кеңейту және қайта құру" жобасын іске асыру кезінде салынған жабдықтарды беру қарастырылды."

Көлгіновке ЖЭО газдандыру бойынша алғашқы кезектің 2019-2021 жылға жоспарланып отырғаны айтылды. Сонымен қатар, жылыту кезеңінде барлық қазандықтардың жұмыс істеуіне байланысты жабдықты монтаждау жүргізілмейтіні атап өтілді.

Сондай-ақ, отырыс кезінде экологиялық талаптарға сәйкес өндірісті жетілдіру мәселесі қарастырылды.

Көлгінов ЖЭО-ны елорданың стратегиялық нысаны деп атады және бейінді ведомстваны толғағы жеткен мәселелерді және келісілмеген мәселелерді шешуге шақырды.

"Біз жылуэлектрорталықтарын газ қабылдауына дайындауымыз керек. Тиісті бөлімшелер апта сайын атқарылған жұмыс туралы есеп беруі қажет", - деп атап өтті әкім соңында.
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel