RU
WhatsApp-та "Луна" бомбасы жайлы қауесетті Арыс тұрғыны таратқан болып шықты
Жаңалықтар Қоғам

WhatsApp-та "Луна" бомбасы жайлы қауесетті Арыс тұрғыны таратқан болып шықты

Рассказать Вконтакте

WhatsApp желісінде "Луна" бомбасы жайлы қауесетті Арыс тұрғыны Жақсылықова Роза Оспанханқызы таратқан болып шықты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж NUR.KZ. Фото: Сакен Қалқаманов және әлеуметтік желі.

Коллаж NUR.KZ. Фото: Сакен Қалқаманов және әлеуметтік желі.

Әкімнің кеңесшісі адамдардың не себепті мұндай қауесеттерді таратумен айналысатынын түсінбейтінін жеткізді. Әйел адам барша азаматтардың алдында кешірім сұрады. Ол 12-15 шілде күні қаладан "Луна" атты бомбаны шығаратыны туралы хабарлаған.

"Арандатушыларға бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру күтіп тұр. Тіпті миллион лүпілдің өзі жағдайды ұшықтыру мен түрмеге қамалуға тұрарлықтай емес" , - деді Қалқманов.

Оған қоса, ол желіде тарап кеткен хабарлама мен әйел адамның кешірім сұрап жатқан видеосының скриншотын жариялаған.

Сіздің реакцияңыз
16
5
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel