RU
Бағдат Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне келді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бағдат Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне келді

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жаңа орынбасарын таныстырды. Лауазымды орынға Бағдат Манзоров тағайындалған. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бағдат Манзоров. Фото: bnews.kz

Бағдат Манзоров. Фото: bnews.kz

Бүгін 12 шілде күні Баталов активке жаңа орынбасарын таныстырды.

Манзоров Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына жауап беретін болады.

Ол газ және сумен қамтамасыз еті мен жолдар мәселесімен айналысады.

"Бағдат Сайланбайұлы аса маңызды салаларға өзінің асқан біліктілігі мен тәжірибесінің барын саларына сенімдімін" , - деді өңір басшысы.

Бағдат Манзоров облыс әкіміне өзіне сенім артқаны үшін алғыс білдірді.

  • Багдат Манзоров 1962 жылы дүниеге келген.
  • Ол Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының түлегі. Оған қоса, ол Қарағанды мемлекеттік кооперативті институтты сырттай тәмамдаған.
  • Еңбек жолын 1983 жылы бапкер ретінде бастады (1985 жылға дейін).
  • Одан кейін кооперация органдарында және Казпотребсоюз басқармасының төраға орынбасары болып қызмет етті (1985-1992). "Шаған" Сауда үйі" ЖШС президенті болған.
  • Екі жыл бойы Алматы облысына қарасты Көксу ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді (1999-2001). Кейіннен Алматы облысының Ақсу ауданын басқарды.
  • 2004-2008 жылдары "Айсер" ЖШС бас директоры болған.

Оған қоса, Алматы қаласындағы Алатау ауданының әкімі қызметін атқарып (07.2008-07.2017), оңтүстік астананың сәулет-құрылыс басқармасының жетекшісі болды.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel