RU
"Высшее общество" телехикаясының желісі мен кейіпкерлері жайлы не білесіз?

"Высшее общество" телехикаясының желісі мен кейіпкерлері жайлы не білесіз?

Рассказать Вконтакте

2016 жылы жарық көрген "Высшее общество" телехикаясы қазіргі уақытта да қалың көрерменнің аузында жүр. Хикая бірінші бөлімінен-ақ киносүйер қауымды еліктіріп әкете алады. Қызықты сценарий мен сұлу да сымбатты кейіпкерлер ешкімді де қапы қалдырмасы анық.

Фото: kinoknopka.com

Фото: kinoknopka.com

"Высшее общество" телехикаясының желісі

Хикаяның желісі бойынша Джансу есімді ару Түркияның ең дәулетті отбасының кенжесі. Алайда зәулім сарайда тұрып бақытсыз болған бойжеткен қарапайым адамдардың олардан әлдеқайда бақытты екеніне сенімді болады. Оны өзіне дәлелдеу үшін бойжеткен ата-анасынан жасырынып, жеміс-жидек сататын дүкенге жұмысқа тұрады. Сол жерде Джансу Керемді жолықтырады. Керем - қарапайым отбасынан шыққан, еңбекқор, ақылды жігіт. Сылқымды бір көргеннен ұнатып қалған Керем оның дәулетті обасыннан шыққанынан хабарсыз болады.

"Высшее общество" телехикаясының кейіпкерлері

Хазар Эргючлю

Хазар Эргючлю 1992 жылы Кипрдің Никосия қаласында дүниеге келген. Актрисаның ата-анасы өнер әлемінің адамдары болғандықтан, олар қызының таңдауын барынша қолдайды.

Хазар түрлі образға енгенді ұнататын. Сол үшін ата-анасының психолог мамандарға да жүгінген кездері болған. Ал олар өз кезегінде қызын театр училищесіне түсіруге кеңес берген.

Алайда Хазардың ата-анасы мамандарға сенімсіздікпен қарағанымен оны театр училищесіне беруге шешім қабылдайды. Көп ұзамай арудың болашағы айқындалып, оның алда кім болатыны белгілі болды.

Оқуды тәмамдамай тұрып-ақ продюсерлер болашақ түлектің дарынды актриса болатынын түсінген. Ал жоғарғы оқу орнын бітіре сала бойжеткен "Тени и лица" атты телехикаяға шақырту алған.

Аталған туындыдан кейін актрисаға бұдан да маңызды телехиркаяларға түсу ұсынылған еді. Алайда Хазардың сөзінше, оның өміріне елеулі септігін тигізген "Кузей Гюней" телехикаясы болып шыққан.

Бойжеткеннің рөлін сомдауы мен бір бейнеден екінші бейнеге лезде ауыса білу қабілетін продюсерлер де, көреремендер де жоғары бағалап, оған тек күрделі телехикаяларға шақырту келе бастаған.

Хазар Эргючлю 2016 жылы "Высшее общество" телехикаясында басты рөлді сомдады. Хикаяның желісі бойынша ару дәулетті отбасының кенжесі. Алайда зәулім сарайда тұратын бойжеткен қарапайым бірақ бақытты адамдардың өміріне қызығып, солардың ортасына тап болады.

Энгин Озтюрк

Энгин Озтюрк 1986 жылы Ескішехир қаласында дүнеге келген. Актердің анасы Грекиядан қоныс аударған, ал әкесі Болгарияның тумасы.

Энгин өте белсенді бала болды. Сол себепті бала күнінен спортпен айналысып, волейболға қатысқан. Алайда Энгин спортшы болуды арман етпеген. Есейе келе актер психологияға қызығып, бар бос уақытын осы ғылымның қыр-сырын меңгеруге жұмсайтын.

Энгин алғаш рет театрға барған кезде актерлардың ойынын көріп, шабыттанып қайтқан. Актер 2010 жылы "Маленькие тайны Стамбула" телехикаясының кастингіне барған. Алайда продюсерлер жас жігіттің дарынын байқамаған. Сол жылы Энгин "В чем вина Фатмагюль" атты хикаяға түседі.

Озтюрк бұл сериалда жағымасыз кейіпкердің рөлін сомдады. Бұл жайт актердің көңілін түсірмеген. Қайта осындай жағымсыз рөлді керемет сомдап шыққаны үшін Энгинді режиссерлер байқап қалған.

Бірнеше уақыт өзткеннен кейін Энгин Озтюркті танымал "Великолепный Век" телехикаясының продюсерлері байқап, шахзада Селимнің рөлін ұсынған. Осы тарихи телехикаядан кейін актердың танымалдығы арта бастайды. Аталған хикаяны әлемнің 50 мемлекеті сатып алды.

Энгин Озтюрк 2016 жылы "Высшее общество" телехкаясында басты рөлді сомдады. Желі бойынша, Керем қарапайым отбасының жалғыз ұлы. Ол дәулетті отбасынан шыққан Джансу есімді бойжеткенді кездестіріп, бір көргеннен ұнатып қалады. Алайда жігіт арудың Түркияның ең бай адамдарының қызы екенінен хабарсыз болады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
4
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel