RU
Мәдина Сәдуақасова ұлын сүндетке отырғызды (фото)

Мәдина Сәдуақасова ұлын сүндетке отырғызды (фото)

Рассказать Вконтакте

Мәдина Сәдуақасова ұлы Әнуарды сүндетке отырғызғанын айтты. Әнші қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөліскен. деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Кеше ғана сүндеттелген қазақ баласынан ыстық сәлем", - деп жазды өнер иесі.

Сондай-ақ әнші баласынн арнайы маманның көмегімен сүндеттегендерін жеткізді.

"Біз хирургке жасаттық, скальпельмен. Өзі кіріп, өз аяғымен шықты. Әрине, жансыздандыру екпесі кете бастағанда, 30 минуттай жылады. Ал 6-7 күнде түгел жазылып кетті. Қазір тіпті есіне алмайды, ұмытып кетті", - дейді әнші.

Ал желі қолданушылары Мәдина Сәдуақасованың қуанышына ортақтасып, құттықтау жолдады.

"Мұсылман болғаны құтты болсын", "Үлкен азамат болсын", "Құтты болсын" деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Мәдина Сәдуақасова отбасымен бірге Балиде демалуда.

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
1
1
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel