RU
Пенальтиді қайтарғанына қуанған қақпашы жүрек талмасынан көз жұмды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Пенальтиді қайтарғанына қуанған қақпашы жүрек талмасынан көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Аргентинада әуесқой командалар арасындағы ойын кезінде 17 жастағы қақпашы жүрек талмасынан қайтыс болды деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, Рамон Исмаэль Коронель қақпасына белгіленген 11 метрлік айып добын қайтарып, бұған командаластарымен бірге қуанған.

Алайда футболшы аяқ астынан өзін жайсыз сезіп, көкалға құлап түскен. Ал стадионда жедел жәрдем көлігі болмай шыққан.

Оны бір жанкүйердің көлігімен ауруханаға жібергенімен, қақпашы жолда көз жұмған..

"Мен стадионда жедел жәрдем болмағанын түсіне алмай отырмын", - дейді ойыншының әкесі Эдуардо Коронель.

Қайғылы жағдай 9 шілдеде болған. Прокуратура аталған оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel