RU
Кісі өлтірді деген күдікке ілінген спортшыға қатысты жаңа дерек шықты
Жаңалықтар Спорт

Кісі өлтірді деген күдікке ілінген спортшыға қатысты жаңа дерек шықты

Рассказать Вконтакте

Кісі өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық боксшы Аслан Мұқановқа қатысты тың деректер пайда болды деп хабарлайды Zakon.kz.

Аслан Мұқанов. Фото: vesti.kz

Аслан Мұқанов. Фото: vesti.kz

Полицияға хабар берген белгісіз келіншек марқұмның әйелі болып шықты. Ал қайтыс болған ер адам Аслан Мұқановтың туысы болған.

"11 шілдеде Ақсай ауылында өте ауыр қылмыс жасалды. Жанжал кезінде 31 жастағы ер адам 32 жастағы туысқанына пышақ жарақатын салған. Ауыр жарақаттан зардап шегуші оқиға орнында көз жұмған.
Ал полицияға күйеуінің өлі денесін тауып алған әйелі қоңырау шалған. Айыпты болса, оқиға орнынан ізін суытып үлгерген", - дейді Қостанай облыстық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы подполковник Медет Айдарбеков.

Басылымының мәліметінше, қазіргі уақытта аудан прокуроры Ринат Каримов бастаған тергеу тобы қылмыс орнына барып, тергеуді бастап кеткен.

Көші-қон полиция қызметінің бастығы Серік Рақышев пен полиция инспекторы Батыр Ысқақов күдіктінің Заречный ауылына бет алғаны туралы ақпарат алып, спортшыны қолға түсірген.

"Біз Заречный ауылындағы "Садовод" КШ күзет бастығына шықтық. Елді-мекенді сүзіп шығуды тапсырдық. Күзет бастығы Евгений Радюк бақша алқабынан іздестірілген күдіктіге ұқсайтын адамды байқағанын жеткізді", - дейді Серік Рақышев.

Ал күзет бастығы Евгений Радюктің айтуынша, ол күдіктіні көзден таса қылмай бақылап тұрған.

"Бірден учаскелік полицияға хабарласып, олар өздерінің келгенін күтуді тапсырды. Оның спортшы екенін, менің шамам келмеуі мүмкін екенін ескертті. Мен оны сырттай бақылап, көзден таса қылмай тұрдым. Ал із кесушілер шалт қимылдап, кәсібиліктерін көрсетті. Оны тырп еткізбей ұстап алды", - дейді Евгений Радюк.

Еске сала кетейік, бұған дейін 31 жастағы спортшының кісі өлтірді деген күдікпен ұсталғаны хабарланған.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel