RU
"Ел-жұрттан қалмайық деп": Асхат Тарғын Дубайға барып екі бірдей клип түсіріп келген
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Ел-жұрттан қалмайық деп": Асхат Тарғын Дубайға барып екі бірдей клип түсіріп келген

Рассказать Вконтакте

Асхат Тарғын Дубайға демалуға барып, екі бірдей бейнебаян түсіріп қайтқан. Шығармашылығындағы тың жаңалық жайлы әнші "Хит-Тв" арнасының "Хедлайнер" бағдарламасында айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Наурыз айында шетелге барып, клип түсіріп қайттық. Ел-жұрттан қалмайық деп...Негізі біз бейнебаян үшін емес, демалуға барғанбыз. Төрт-бес күнге барғанда екі клип түсіргенбіз.
Дубайға барғаннан кейін, сол жерде махаббатымды іздеп жүрем. Әдемі қала, басқа ел. Жақсы-жақсы кадрлерді алдық", - дейді Асхат Тарғын.

Сондай-ақ әнші бейнебаяндарына жұбайын түсіргісі келмейтінін айтты.

"Бейнебаянға түсірмесем де, көпшілік таниды ғой. Әлеуметтік желіге де салып тұрамын. Сұхбатқа шақырса, келіншегіммен баруға дайынмын. Ол ондайға қызықпайды. Оның жұмысы басқа", - дейді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Асхат Тарғын 2017 жылдың наурызында екінші рет шаңырақ көтерді. Бүгінде әнші мен жұбайы Әлия бір ұлды тәрбиелеп отыр.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel