Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айгүл Мүкей Алакөлге ұшақпен қатынаудың не себепті қиын екенін ашып айтты (видео)

Опубликовано:

Белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей ШҚО-ның Үржар ауданындағы Алакөл демалыс аймағына ұшақпен қатынаудың не себепті бүгінге дейін мүмкін болмай келгендігін айтты. Аталған аймаққа демалысқа аттанған ол ұшақ қонатын аумақтың тым тар екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Тележүргізуші Үржарға барған сапарын видеоға түсіріп, өзінің желідегі парақшасында жариялаған.

Айгүл Мүкей ол жерде әуеде қатынайтын ұшақ бар болғанымен, қонатын алаңның тым тар екенін атап өткен.

"Міне Үржар әуежайы. Мен қазақстандықтардың не себепті осы күнге дейін мұндай ұшып келе алмайтындығын түсіндім. Мәселе әуе компанияларында емес екен, мәселенің бәрі – көлемі жағынан тым кішкентай болып келетін ұшу-қону алаңында болып отыр.

Әрине бұл жер – ШҚО-ның аудан орталығы. Міне мынадай әуежай да бар екен. Адамдар ұшаққа отыру үшін, сол жерде оны күтетін көрінеді.

Егер мына қону алаңының аумағы үлкен болса, бәріміз, барша қазақстандықтар Алакөлге көптеп бара алатын едік", - деп түсіндірген тележүргізуші аталмыш видеода.

Ал желі қолданушылары бейнежазбаны көріп, аталған мәселенің бұрыннан бар екенін жазды.

"Аталған ұшаққа билет табу да қиын", "Қызыммен барып демалғым келген, ұшаққа билет жоқ", "Не де болса жақсы демалып қайтыңыз", "Жол амандығын берсін" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804390-ajgl-mkej-alaklge-sakpen-katynaudy-ne-sebepti-kiyn-ekenin-asyp-ajtty-video/

pixel