RU
Атыраулық әйел Теңіздегі жалған Whatsapp-хабарламаның құрбаны болған

Атыраулық әйел Теңіздегі жалған Whatsapp-хабарламаның құрбаны болған

Рассказать Вконтакте

Атыраулық келіншек Теңізге байланысты жалған Whatsapp- хабарламаның құрбанына айналды. Порнографиялық құрылымдағы фото мен видео бар хабарламада дәл сол келіншектің шетел азаматымен сексуалды қатынасқа түсіп, зорланғаны айтылған. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Хабар 24

Көрнекі фото: Хабар 24

Шетелдік сервистік компанияның кадрлар бөлімінде жұмыс істейтін 36 жастағы Жанар Абылаева өз еркінен тыс Теңіздегі жаппай төбелеске байланысты дау-дамайдың ортасында қалған.

Зардап шегушінің сөзінше, белгісіз біреулер оның рұқсатнамасының суретін әдепсіз мазмұны бар коллаж жасау үшін пайдаланған, содан кейін оны мессенджерде таратқан.

Жанардың айтуынша, Теңіздегі тәртіпсіздіктерден кейін ол жұмысшылармен профилактикалық әңгіме жүргізу үшін басшылықпен кен орнына барған.

Ол түсіндіру жұмыстарынан кейін өзге ғимаратқа бет алған. Жанар осы аралықта рұқсатнамасын жоғалтып алғанын алға тартты. Алайда араға 20 минут салып, мамандардың бірі оның рұқсатнамасын көшеден тауып алғанын айтып, әкеліп берген.

Дегенмен, келесі күні желіде Жанардың рұқсатнамасындағы суреті бар порнографиялық фотоколлаж тараған. Авторлар, тіпті, әйелді жеңіл жүрісті деп айыптаған екен.

Қазір Жанар полицияға арыз түсірген. Ол өзі жайлы жалған ақпарат таратып, арына нұқсан келтіргендердің заң алдында жауап бергенін қалайды.

Айта кетейік, 29 маусым күні Теңіз кен орнында қазақстандықтар мен шетелдік қызметкерлер арасында жаппай төбелес орын алған.

Алдын ала ақпарат бойынша, оған қазақстандықтар әдепсіздікке балаған сурет себеп болып отыр.

Сіздің реакцияңыз
4
1
1
9
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel