RU

Ақтаулық полицей эскалатордан құлаған ер адамды құтқарып қалды

Ақтаудағы халықаралық әуежайда полиция қызметкері эскалатордан құлаған ер адамды құтқарып қалды деп хабарлайды Lada.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay
Көрнекі фото: pixabay: Instagram

Маңғыстау облыстық көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінінің мәліметінше, оқиға 9 шілде күні Ақтаудағы халықаралық әуежайда болған.

Желілік полиция қызметкері А.Қуанышев Алматы облысының 61 жастағы тұрғынын құтқарып қалған.

"Полиция қызметкерінің сауатты іс-әрекетінің арқасында, ер адам зардап шеккен жоқ. Полиция капитаны құтқару кезінде оң аяғын зақымдап алды. Оған медициналық көмек көрсетілді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Медициналық куәландыру нәтижесінде ер адамның жеңіл түрде алкоголь қолданғаны белгілі болды.

"Ер адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440 бабы 1 тармағы "Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 2,5 АЕК (6 312 теңге) айыппұл салынды", - деді полиция.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1804402-aktaulyk-policej-eskalatordan-klagan-er-adamdy-ktkaryp-kaldy.html