Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлгінов: Көпбалалы аналармен біреулер ойнап отыр, сыртынан күледі

Опубликовано:

Бүгін 20-дан аса көпбалалы аналар Нұр-Сұлтан қаласында баспана талап етіп, үкімет үйінің алдына жиналды хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото:Sputnik / Арман Асқар
Фото:Sputnik / Арман Асқар: Instagram

Күзет қызметі көпбалалы аналарды министрлік ғимаратының ішіне бірден кіргізбеген.

Осыдан кейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов көпбалалы аналарды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дәлізінде қабылдап, әрбір әйелдің аты-жөні мен телефон нөмірін жазып алуға кіріскен.

Фото:Sputnik / Арман Асқар
Фото:Sputnik / Арман Асқар: Instagram

Әкім бірнеше адамды жазып алғаннан кейін аналардың барлығын мәжіліс залына кіргізуге бұйырған.

Мәжіліс залында шенеунік көпбалалы аналардың жеке мәліметтерін жазып алуды жалғастырып, сосын журналистердің сауалына жауап берген.

БАҚ өкілдері ең алдымен Көлгіновтен аналармен кездесуге неліктен сыртқа шықпағанын сұраған.

"Мәселе көшеде шешілмейді. Біз қазір министрлікпен бірге әрбір анаға қатысты әлеуметтік карта жасап жатырмыз. Бұл жерде негізгі мәселе - тұрғын үй. Оған қатысты тиісті бағдарлама бар.
2 пайыздық бағдарлама осы шілде айында басталады. Одан кейінгі мәселе - балабақша. Сосын жұмысқа орналасу мәселесі де бар. Әрбір отбасының өз қиындығы бар. Мемлекет тарапынан да тиісті қолдау шаралары атқарылып жатыр", - деп жауап берді елорда әкімі.

Көлгіновтің айтуынша, көпбалалы аналардың біраз мәселесі бар. Осыған байланысты әкімдікте көпбалалы аналарды күнде қабылдап отырады. Бұған дейін бірнеше рет кездесу де өткен.

Фото:Sputnik / Арман Асқар
Фото:Sputnik / Арман Асқар: Instagram
"Мен осы үш жұмадан бері әр апта сайын кездесіп тұрамын. Бірақ мына кісілердің ішінде келмегендер бар, келгендер де бар. Мен өзім 200-ге жуық анамен кездесіп қойдым. Мына кісілер - жаңа кісілер. Сондықтан құрметті аналардан сұрайтынымыз, тәртіппен, мәдениетпен әкімшілікке келіп, әрбір адамның мәселесін жеке-жеке қарайық.
Ал көшеге шығып, балаларға қандай тәрбие береміз? Қазақ анасының рөлі қайда? Сосын сенім болуы керек. Біз айттық па, жасайтын нәрсені жасаймыз. Қолдан келмесе, оны да түсіндіреміз", - деді Көлгінов.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан әкімі көпбалалы аналардың чаттарында арандататындар бар екенін де айтты.

"Өздерінің WhatsApp чаттарында біреулер олармен ойнап отыр. SMS жіберіп қояды да, сыртынан күліп отырады. Ал аналар соған сеніп, жүгіріп келеді. Бұндай тәртіппен жұмыс істеуге болмайды. Өткен жолы осы жерде бес сағат отырдық. Бәрін түсіндірдік.
Одан кейін тағы бір топ ана келді. Мен қазір дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі мен бейсенбіні белгіледім. Жұмыстан кейін жетіге қарай бәрін қабылдаймын. Ал күндіз жұмыс істеу керек", - дейді Көлгінов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804405-nr-sltanda-kpbalaly-analar-zinalyp-baspana-talap-etti-foto-video/

pixel