RU
Моңғолияда жеті жасар бала туған анасын атып алды

Моңғолияда жеті жасар бала туған анасын атып алды

Рассказать Вконтакте

9 шілде күні 39 жастағы келіншек жеті жасар ұлының қолынан қаза тапты. Қайғылы оқиға Моңғолияның оңтүстік-батыс бөлігіндегі Говь-Алтай аймағында орын алған. Бұл туралы са-news.org сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: ca-news.org

Көрнекі фото: ca-news.org

Полицияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот алды тергеу жұмыстары баланың анасын байқамай атып жібергенін анықтаған. Оқиға орнында болған бес жасар қыз да жарақат алыпты.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Полиция Моңғолияның барлық тұрғындарынан суық қаруды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтауды сұрап отыр.

Ұлттық статистика басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 2014 жылғы жағдай бойынша Моңғолияда 47,000 бірлік атыс қаруы тіркелген, олардың 94 пайызы аң аулау үшін сатып алынған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel