RU
"44 градус ыстық": Түркістан облысында дауылдық ескерту жарияланды
Жаңалықтар Қоғам

"44 градус ыстық": Түркістан облысында дауылдық ескерту жарияланды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан бойынша аптап ыстыққа байланысты дауылдық ескерту жарияланды деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Pngtree

Көрнекі фото: Pngtree

Синоптиктердің мәліметінше, 13-14 шілде күні Солтүстік Қазақстан облысында 36 градус ыстық болады. Дауыл ықтималдығы 90-95 %.

"13 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 30-35° аптап ыстық болады, күн күркірейді, бұршақ жауады. 13 шілдеде таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыс, шығыс желдің екпіні 23 м/с болады. Дауылдың ықтималдығы 95-100 %", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар 13 шілде күні Түркістан облысының көп бөлігінде 40-44 градус ыстық сақталады деп күтілуде.

13-15 шілде күндері ауа температурасы Шымкентте 41 градус, ал Түркістан облысында 41-43 градустан жоғары болмақ.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel