RU

Әжетханадағы қол кептіру құрылғысының денсаулыққа қандай зияны бар?

Канаданың 13 жастағы Нора Киган есімді тұрғыны әжетханалардағы қол кептіру құрылғысының адам денсаулығына зиян екенін дәлелдеген. Ол бұл зерттеуін Journal of Paediatrics & Child Health журналында жариялаған деп хабарлайды slashgear.com-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Ferra.ru
Көрнекі фото: Ferra.ru: Instagram

Бастапқыда жеткіншек қол кептіру құрылғысы қосылғаннан кейін құлағында пайда болатын шуды байқаған.

Кейін ол балалардың тіпті аталмыш құрылғыны пайдаланудан бас тартатынын немесе ол қосылғанда, құлақтарын жауып алатынын байқаған.

Осылайша балақай зерттеу жасауды жөн көрген. Ол 40-тан астам әжетханада қол кептіру құрылғысы шығаратын шу көлемін есептеп көрген.

Нәтижесінде кішкентай зерттеуші ересектерге қарағанда, кішкентай балалардың құрылғы шуын көтере алмайтынын, тіпті олардың құлағына айтарлықтай зақым келетінін анықтаған.

Осыған орай, Канада билігі балаларға дыбыс мөлшері 100 дБ-ден аспайтын тауарды пайдалануға шектеу қоймақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1804425-zethanadagy-kol-keptiru-krylgysyny-densaulykka-ziany-bary-ras-pa.html