RU
"Заклятие" фильміндегі үйді сатып алған ерлі- зайыптылар тылсым құбылыстарды байқаған

"Заклятие" фильміндегі үйді сатып алған ерлі- зайыпты тылсым құбылыстарды байқаған

Рассказать Вконтакте

Мексикалық ерлі-зайыпты Кори мен Дженнифер Хайнц Род-Айленд қаласынан 1736 жылы салынған үйді сатып алған. Бір қызығы аталған үй танымал "Заклятие" фильміне негіз болған екен. 300 жылдық тарихы бар баспанаға ие болған ерлі-зайыптылар үйде тылсым дүниелердің барын түсінген деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұл үйде қорқынышты оқиғалар сонау XX ғасырдың 70-ші жылдарында басталды. Ол кезде үйдің иелері Перрон отбасы болған еді.

Басында үйдің ішінде болған жағдайлар әлдебіреудің қалжыңына ұқсаған, ал кейінірек жантүршігерлік оқиғалар орын алды.

Заттар өздігінен ауада ұшып жүрді. Үйдің тұрғындары белгісіз ауруға душар болды.

Үйдің ішінде орын алған оқиғалар тылсым құбылыстардың танымал зерттеушілері Эда мен Лорейн Уорренді қызықтырды. Олардың зерттеуі атақты фильмге негіз болды.

Хайнцен әулеті жаңа үйлеріне кірген кезде фильмдегі қорқынышты мистиканың әлі күнге дейін бар екенін түсінген.

"Үйдің есіктері өздігінен жабылып, әлдекімнің жүргені естіледі. Бұл жерде жалғыз қалу өте қиын. Бұл жерде бір нәрсенің болып жатқаны анық", - дейді Кори Хайнцен.

Алайда жұбайларды тылсым дүниелер тоқтатар емес. Олар үйді ретке келтіруді жоспарлап отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
14
2
0
1
0
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel