RU

Талғат Қалиев қызметінен босатылды

Талғат Қалиев Оңтүстік Африка Республикасындағы елші қызметінен босатылды деп хабарлайды Ақорда.

Фото: zastavki.com
Фото: zastavki.com: UGC
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Талғат Ғабдуллаұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды ", - делінген хабарланды президент сайтында.

Оның орнына Қанат Тұмыш тағайындалды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Қобыландыұлы Тұмыш Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды", - делінген тағы бір хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1804447-talgat-kaliev-kyzmetinen-bosatyldy.html