RU
Қызылорда облысында 42 жастағы адам суға батып кетті

Қызылорда облысында 42 жастағы адам суға батып кетті

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында кеше, 12 шілдеде 42 жастағы азамат суға батып кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Аталған оқиға Жаңақорған ауданы аумағындағы арнаның бірінде орын алған. Арна жағасына кешкілік мезгілде демалуға үш адам барған.

"Олардың екеуі ұйықтап қалған. Үшіншісі қайда кеткенін білмейді. Таңертең жергілікті тұрғындардың күшімен суға кеткен адамның жансыз денесі табылды. Қазір ол бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Азаматтар көп жағдайда су жағасында ішімдік ішеді.
Сондай-ақ, балаларын қараусыз қалдырған ата-аналар жиі кездеседі. Сондықтан тұрғындардың сақтық шараларына назар аударуын сұраймыз", - дейді Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев.
Сіздің реакцияңыз
0
3
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel