RU
Эстафета: Абайдың алтыншы қара сөзін оқыған Тасмағамбетов жұртты сүйсінтті
Жаңалықтар Қоғам

Эстафета: Абайдың алтыншы қара сөзін оқыған Тасмағамбетов жұртты сүйсінтті

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Абай өлеңінен үзінді оқу эстафетасын қара сөзбен жалғады. Видео елшіліктің Facebook парақшасына жүктелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Facebook

Фото: Видеодан кадр/ Facebook

"Мен поэзия эстафетасын досым Игорь Крутой мен Маралтай інімнен қабылдап, ұлы Абайдың алтыншы қара сөзіне тоқталсам", - деп бастады елші.

Ұлы ақынның ел бірлігі туралы айтқан ой-толғамын нақышына келтіре оқыған Тасмағамбетов эстафетаны өз досына жолдады.

"Мен өз кезегімде осы эстафетаны жан досым, мәдениет тарланы Досқан Жолжақсыновқа жолдаймын", - деді дипломат.

Әлеуметтік желіде бірден тарап кеткен видеоға жұрт тек оң пікірлер жазып қалдырды.

"Қазақтың біртуар азаматы", "Міне, осылай айту керек", "Керемет айтты, елді бірлікке шақырды", "Әдебиет сүйер оқырман екеніңіз анық көрініп тұр", "Бәрекелді" деді олар

Сіздің реакцияңыз
5
2
0
2
3
69
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel