Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдос Сметов Будапешттегі гран-при турнирінде жеңімпаз атанды

Опубликовано:

Дзюдодан Будапештте өтіп жатқан Гран-при турнирінде ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. 60 келіде белдескен Елдос Сметов турнир жеңімпазы атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz: Facebook

Финалда Елдос Сметов пен моңғолиялық Ганбат Болдбаатар кездесті. Тартысты жекпе-жекте Елдос айқын басымдықпен жеңіске жетті. 

Алдымен "ваззари" ұпайын алған ол кездесу аяқталуға санаулы секунд қалғанда қарсыласын "иппон" ұпайымен жеңді.  Осылайша, дзюдодан команда үздігі өз мықтылығын тағы дәлелдеді.

Бұл салмақта ел намысын қорғаған тағы бір спортшымыз Ғұсман Қырғызбаев жұбаныш белдесуінде жеңіліс тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804480-eldos-smetov-budapesttegi-gran-pri-turnirinde-top-zardy/

pixel