RU
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Елорда әкімдігінің аппараттық кеңесінде Алтай Көлгінов жаңа кадрлық өзгерістер туралы айтты. Басқа жұмысқа ауысуына байланысты қала әкімінің орынбасары Арман Турлубек қызметінен босатылды. Қала әкімінің өкімімен Қайсағалиев Алтынбек Кеңесұлы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фото: astana.gov.kz

Фото: astana.gov.kz

Ол салынып бітпеген МЖК, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау және қарды жинау мәселелерімен айналысатын болады. Сондай-ақ оның қарауында коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдарының құрылысы мен инфрақұрылымы және қоршаған ортаны қорғау мәселелері болады.

Алтынбек Қайсағалиев Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "құрылысшы" мамандығы бойынша, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған.

"Болашақ" бағдарламасының түлегі, Бат университетінің Менеджмент, инновация және технологиялар саласындағы жаратылыстану ғылымдарының магистрі (Ұлыбритания).

Еңбек жолы:

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің консультанты, инспекторы;

- "Нұр Отан" партиясы Орталық аппараты хатшылығының меңгерушісі;

- Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы;

- Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, қала өнеркәсібі мәселелерімен айналысқан;

- Орал қаласы әкімінің орынбасары. ТКШ, абаттандыру, сәулет және қала құрылысы мәселелеріне жетекшілік еткен;

- Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
1
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel