RU

Қарағандыда 15 күнге қамалған азамат ауыр дене жарақатынан көз жұмды

Екінші шілдеден бастап уақытша ұстау изоляторында жатқан Қарағанды облысы Осакаров ауданының 37 жастағы тұрғыны ауыр дене жарақатынан көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Азамат Осакаров ауданының Орталық ауылында екі ер адамның атына балағат сөздер айтқаны үшін ұсталған.

Полицейлер әкімшілік материал толтырып, оны Осакаров ауданы сотына жеткізген. Судья әкімшілік материалдарына сәйкес азаматты 15 күнге қамауға алған.

"Мұндай іс расымен біздің сотпен қарастырылды. Аталған азамат 15 күнге тұтқындалған", -деді Осакаров аудандық сотында.

Әлі белгісіз жағдайларға байланысты ер адам ауыр дене жарақаттарын алған. Ол изолятордан ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізіліп, артынша көз жұмды.

Осакаров ауданы аурханасында жеткізілген жәбірленушінің көптеген жарақаттар алғанын айтып отыр.

"Ішкі органдардың үзілуі, сынықтар, шайқалу. Өкінішке қарай, жүргізілген реанимациялық іс - шаралар нәтиже бермеді", - деп хабарлады аудан ауруханасында.

Осакаров изоляторына Бас прокуратурадан тексеріс келіп жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1804499-karagandyda-15-knge-kamalgan-azamat-auyr-dene-zarakatynan-kz-zmdy.html