Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтандағы проблемалы үлескерлермен кездесті

Опубликовано:

Елорда әкімі кезекті рет үлестік құрылыс нысандарының құрылыс алаңдарын тексеріп, олардың үлескерлерімен әңгімелесті. Ол "Жағалау-3" , Сығанақ көшесі, Қорғалжын тас жолының оңтүстігіне қарай орналасқан "Жағалау-4" ТК құрылысы орнында болып, Тұран даңғылының батысына қарай Сығанақ көшесі бойында орналасқан салынып жатқан "Шығыс" ТК мәселелерімен танысты деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайты.

Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты
Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты: UGC

Бұл тұрғын үйлерде 1500-ден астам үлескер өз пәтерлерін күтуде.

Кездесу барысында олар құрылыстың созылуына қатысты наразылықтарын білдірді.

Үлескерлермен әңгімелесе келе, әкім өз тарапынан әкімдік нысандарды тапсырудың бекітілген мерзімі орындалуы үшін барлық шараларды қолданатынын атап өтті.

Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты
Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты: UGC

Сонымен қатар, ол құрылыс салушылар өз қаражатын үйлерге салған адамдардың сенімін ақтамағанын, олар ұзақ жылдар бойы құрылысы аяқталмаған, сондай-ақ көптеген кемшіліктер бар екенін айтты.

"Құрылысты салушылар үлескерлердің ақшасын пайдалана отырып, үй салу міндетін өз мойнына алды, бірақ адамдардың сенімін ақтамады. Мұндай теріс пиғылды адамдармен алдағы уақытта жұмыс істемейтін боламыз. Енді аталмыш мәселені өз күшімізбен жеткізетін боламыз. Ең бастысы, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік қаражат бөлінді.  Құрылысты аяқтау және үлескерлердің ұзаққа созылған мәселелерін түпкілікті шешу процесін бақылауда ұстаймыз", - деді әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804506-altaj-klginov-nr-sltandagy-problemaly-leskerlermen-kezdesti/

pixel