Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл махаббат": Ержан Максим мен Алсудың қызы көрермендерге бейнебаян ұсынды

Опубликовано:

"Голос. Дети" жобасының 6-маусым жеңімпаздары Ержан Максим мен Микелла Абрамованың "Бұл махаббат" әніне түсірілген бейнебаяны көрерменге жол тартты деп хабарлайды ERNUR.KZ сайты.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Facebook

Аталған бейнебаянды Микелла Абрамова өзінің YouTube желісіндегі ресми арнасына жүктеген.

11 шілде күні желігі жүктелген бейнебаян 360 мыңнан астам қаралым жинап үлгеріпті. Бейнебаянға Алсудың кіші қызы ғана емес, үлкен қызы Сафина Абрамова да түскен.

"Міне, көптен күткен премьера. Ержан Максиммен бірге түсірілген бейнебаянда махаббат деп аталатын жарқын сезім жайлы баяндалады. Оны әрдайым жүректеріңізде сақтауды ұмытпаңыздар! Ән жазуға және түсірілімге атсалысқан барша жандарға алғысымды білдіремін. Жұмыс керемет болды, ал нәтиже барлық үмітті ақтады!" – деп жазды Микелла өзінің әлеуметтік парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1804513-bl-mahabbat-erzan-maksim-men-alsudy-kyzy-krermenderge-bejnebaan-syndy/

pixel