RU
Бес баланың анасы Динара Сұлтан тұрмысқа шықты (фото)

Бес баланың анасы Динара Сұлтан тұрмысқа шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Динара Сұлтан тұрмысқа шыққанын хабарлады. Көпбалалы ананың некелесу салтанатында қыз-ұлдары куәгерлер ретінде болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өзінің қуанышты жаңалығымен шоу-бизнес жұлдызы Instagram парақшасында бөліскен. Онда Динара Сұлтан қалындық көйлегін киіп алған суретін жүктеп, тұрмысқа шығып жатқанын жеткізді.

"Иә, мен тұрмысқа шықтым. Менің некелесуімде өзімнің сүйікті балаларым куәгер болғаны қандай жақсы. Мен сондай бақыттымын. Мұндай бақыт сіздерге де бұйырсын. Жақсы көремін" , - деп жазған әнші.

Жазбасының астына көпбалалы ана бірнеше хэштег қалдырған. Олардың біреусіне сүйене отырып, отандық жұлдыздың күйеуінің есімі Ерлан екенін айтуға болады.

Желі қолданушылары Динара Сұлтанды өміріндегі аса бақытты әрі ерекше күнімен құттықтап, өз ақ тілектерін жаудырған.

"Бақытты болыңыз" , "Қандай тамаша, балаларыңыздың куәгер болған табылған ақыл" , "Қандай керемет әрі бақытты сәт" , "Жолдасыңыз екеуіңіздің махаббатарыңыз таусылмасын" , "Сіз бар бақытқа лайықсыз. Балаларыңыз көбейе берсін" , - деп жазған желідегілер.

Алайда, Динара Сұлтанның тұрмысқа шығуына қатысты жазбасы оқырмандар қауымын біраз ойландырып та қойған. Кейбір желі қолданушылары әншінің енді ғана заңды некеге отырып жатқанын жазса, енді бірі ерлі-зайыптылардың некелесуінің он жылдығын тойлап жатқанын айтуда.

Динара Сұлтан отандық эстрада жұлдыздарының арасында жеке өмірін аса жасырын ұстап, әлі күнге дейін күйеуінің түрін көрсетпеген әртіс болып табылады.

Сіздің реакцияңыз
87
10
26
3
8
31
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel