Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қара теңізде халықпен бірге шомылған Зеленский көпшілікті тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Украина президенті Владимир Зеленский Одессаға келіп, Қара теңізде шомылуға бел буған. Қарапайым қалалық жағажайға барып, халықпен бірге суға түскен мемлекет басшысы украиналықтарды қуантты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: facebook.com/president.gov.ua
Видеодан кадр: facebook.com/president.gov.ua: Facebook

Украина президенті су қоймасының температурасын өзі жеке тексеріп көрмек болған. Бұл туралы мемлекет басшысы әкімшілігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазылған.

Видеодан Зеленский өз командасымен бірге жағажайда жүріп келе жатқанын көруге болады. Президент жол-жөнекей демалып жатқан тұрғындармен суретке түсіп те үлгеріп жатты.

"Бұл күнге де жеттік-ау, президентті көрдік" , - деді тұрғындардың бірі.

Суға кірген мемлекет басшысы оның температурасын 23 градусқа бағалады. Суда біраз шомылып, өзіне ұнағанын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1804561-kara-teizde-halykpen-birge-somylgan-zelenskij-kpsilikti-tnti-etti-video/

pixel