Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қақпаның астында қалған: Дәрігерлер Қостанайдағы баланың өлімі туралы айтты

Опубликовано:

Қостанайда денсаулық сақтау басқармасы 28 маусым күні қақпаның астында қалған 16 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Дәрігерлердің диагнозы бойынша жасөспірім аса ауыр іш жарақатын алып, оның нітижесінде оның ішкі ағзалары бауыры мен он екі елі ішегі жарылып кеткен. Оған қоса, зардап шеккен баладан ішастар қуысында қан кетіп, гемиперитонеум мен өт перитониті анықталған..

Ведомствоның мәлімдеуінше, өт перитониті кезінде аман қалу көрсеткіші 1-10 пайыздың арасын құрайды.

"Телемедицина көмегімен бірнеше консультация өткізілді. Игорь Всеволодович Белобржицкий дәрігер бірнеше мәрте Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыру мәселесін көтерген. Оны 15 шілде күні ауыстыруға кеңес берілген" , - деді басқарма өкілдері.

13 шілде күні баланың жағдайы күрт нашарлап кеткен. Оның бұл күйге түсуі Сызғанов мемлекеттік орталығының мамандарымен талқыланған болатын.

Алайда, белсенді терапияға қарамастан, гемодинамикада да күрт нашарлау орын алды. Оны инфекциялық-токсикалық шокпен байланыстырады. Қанда да аяқ асты өзгерістер болды.

Айта кетейік, Қостанайда 16 жастағы жасөспірім футбол қақпаларының астында қалған. Ол Нұр-Сұлтан қаласына ауысуына бір күн қалғанда көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804567-kakpany-astynda-kalgan-drigerler-kostanajdagy-balany-limi-turaly-ajtty/

pixel