RU

Головкин посткеңестік кеңістіктегі ең бай спортшы атанды

Forbes журналы спорт жұлдыздарының табысын есептеп, әлемнің ең бай спортшыларының жаңа рейтингісін жариялады. Қазақстандық боксшы Геннадий Голвкин осы жылдың ең табысты 100 спортшысының қатарына кірді деп жазады Sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images: Depositphotos

Биыл GGG 25,5 млн доллар табысқа кенелді. Канадалық Стив Роллспен болған жекпе-жек оған 23,5 млн доллар көлеміндегі гонорар түсірген. Ал демеушілер келісімшарттары тағы екі миллион табыс түсірген.

Әлемнің ең табысты спортшыларының арасында Головкин 95 орынға орналасқан.

Оған қоса, қазақстандық посткеңестік кеңістіктен бұл рейтингке кірген жалғыз тұлға болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1804570-golovkin-postkeestik-keistiktegi-e-baj-sportsy-atandy.html